13:42, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Халық санағы елдің бүгінгі ахуалын толыққанды талдауға мүмкіндік береді ? ҚР Статистика агенттігі
АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат - Биылғы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында Қазақстанда халықтың екінші Ұлттық санағы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап. Енгізілетін инновациялардың есебінен жиналатын деректердің сапасын арттыру үшін алдағы болатын халық санағының негізгі басымдылығын екі негізгі топтамаға бөлуге болады. 1.Техникалық жаңалықтар:
- сканерлеуге арналған санақ парағы;
- бланктерді автоматтандырылған өңдеу сканерлері;
- алынған деректермен алмасуға арналған байланыс желісі;
- электрондық карталар. 2.Ұйымдастырылған жаңа енгізілімдер: - санаққа қатысатын 50 000-нан астам адам оқыту семинарынан өтеді;
- оқыту кезінде арнайы баспа түріндегі материалдар және бейнекурстар қолданылады;
- оқытылатын дағдыларын нығайту үшін оқыту бағдарламасымен алдын-ала тәжірибелік жұмыстар қарастырылады. Осыған байланысты, қаңтар айының басында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі санақ жөніндегі уәкілетті тұлғаларды және санақ бөлімдерінің меңгерушілері лауазымына қызметкерлерді қабылдау жұмыстарын бастады. Қабылданған қызметкерлердің ішінде меңгерушілер есеп учаскелерінің шекараларын анықтаумен және үйлердің тізімін нақтылаумен, сондай-ақ нұсқаушы-бақылаушылар мен есепшілерді оқыту және тексеру жұмыстарын жүргізеді. Санақ жөніндегі уәкілетті тұлғалар өз жұмыстарын қаңтардың 5-інен сәуірдің 10-ына дейін жүргізеді. Санақ жөніндегі уәкілетті тұлғалар санақшыларды және нұсқаушы - бақылаушыларды қабылдау және оқыту, жазу кітапшасын толтыру, санақшылармен алдын-ала аралау жұмыстарына жауапты. Санақ жөніндегі уәкілетті бір тұлғаға 8 нұсқаушы ? бақылаушыдан бекіту жоспарлануда. Санақ жөніндегі өкілетті тұлғалар санақ бөлімінің меңгерушілерінің, нұсқаушылардың және есепшілердің жұмысын ұйымдастырады және бақылау жүргізеді. Сәуір айынан бастап, санақ жөніндегі өкілетті тұлғалар бақылау фишкаларын талдау және материалдарды облыстық департаменттерге тапсыру жұмыстарын жүргізуге тиісті. Санақ жөніндегі өкілдер өз міндеттеріне қаңтардың 5-і сәуірдің 30-ы аралығында кіріседі.
Санақтың өзі арнайы оқытылған қызметкерлердің (есепшілердің) халықтан сұрау салу әдісі арқылы жүргізіледі. Маман ретінде олар барлық қажет жабдықтармен, атап айтқанда: портфельдермен, санақ парақтарымен, халықты аралауға арналған нұсқаулықтармен және карталармен, тегін жол жүру билетімен қамтамасыз етіледі. Республика Үкіметі аудандық орталықтарға, әсіресе алыс елді мекендердегі есепшілердің жұмыстарын жеңілдетуге септігін тигізетін арнайы автотехника бөлінді. Бұдан басқа, мемлекет санақ қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын да қабылдады. Тұрғындар санақшының кейпінде үйге бөгде адамдардың кіріп кету мүмкіндігі жайлы алаңдамас үшін әрбір есепшіде өзімен бірге ерекше қорғалатын куәлік, арнайы жабдықтар ? санақшының портфелі мен санақ логотипі бар бөкебай, бланктерді толтыруға арналған қалам болуы тиіс. Санақты қолдау бағдарламасында тегін қоңырау шалуға және санаққа қатысты кез-келген ақпарат алуға болатын колл-орталық ? жедел телефон желісі қарастырылған. Колл-орталық өз жұмысын 2009 жылғы қаңтар айынан бастады, жедел телефон нөмірі 8 800 080 7828. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің www.stat.kz сайтында қаңтардың 8-інен бастап ақпанның 15-і аралығында он-лайн режимінде интернет-конференция жүргізіледі, бұнда сұрақ қойғысы келген әрбір адам өз сауалын қойып, халық санағы туралы толық ақпарат ала алады. Санақ ? ауқымы кең іс-шара, оның нәтижелері ел тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі туралы толыққанды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Санақ парағына стандартты сұрақтардан басқа, қазіргі күнде қанша қазақстандық компьютерлік тұрғыдан сауатты деген сияқты жаңа сұрақтар енгізіледі. Осы тармақ болашақ қоғамдағы айқын басымдылықты табуға жағдай жасайды. Мемлекет өз азаматтарының дамуына мүдделі, бұл экономиканың инновациялық сипатындағы мақсатқа сай. Білім неғұрлым сапалы болса, еліміздің әрбір азаматы соғұрлым еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және республикада өмір сүру деңгейі жоғары болады. Мемлекет халықтың компьютерлік сауаттылығы туралы ақпарат алу арқылы оқу орындарындағы компьютерлік сыныптардың дамуын тиімді жоспарлап, ақпараттық технологиялар мен коммуникациялардың дамуына арналған инвестицияларды бөле алады.