Халық санағы еліміздің алға басуының көрінісі болмақ

ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазақстанда басталған Ұлттық халық санағы еліміздің алға басуының көрінісі болмақ.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық мәслихат депутаты, «Нарын» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кәкен Көбейсінов мәлім етті. Оның айтуынша, осыдан он жыл бұрын өткізілген халық санағынан кейін елімізде көптеген оң өзгерістер болды. Елбасы үндеуінде орынды атап өтілгеніндей, республика тұрғындарының жалақысы бес есеге дейін өссе, азаматтардың сауаттылығы жөнінен Қазақстан 117 елдің арасында 14-орынды иеленіп отыр. Басқа да салалардағы табыстар елдің көз алдында. «Әлемдік дағдарыстан да іркілмей, мұқалмай шығу үшін Елбасының бастауымен үлкен жұмыстар жасалып жатыр. Болашақтағы мақсат-міндетіміз де айқын. Ендеше, халық санағын ұйымшылдықпен өткізу біздің жаңа табыстарға қол жеткізуімізге септеседі», - деді депутат.
Соңғы жаңалықтар