Халық санағы: Қостанай облысында 10 күннің ішінде 890 мыңнан астам адам есепке алынды

ҚОСТАНАЙ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанай облысында халық санағының 10 күнінде 890 мың 908 адам есепке алынды, олардың 419 мың 493-і немесе 47,1 пайызы - ер азаматтар, 471 мың 415-і немесе 52,9 пайызы - әйелдер.
None
None
Санаққа алынған азаматтардың барлығының 36,7 пайызын - жергілікті ұлт өкілдері құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық статистика департаментінің бастығы Қанат Барымбековтың айтуынша, енді санақшылар үйлерді тағы бір рет аралап, бақылау санақтарын жүргізіп шығады. Бұл шара мекен-жайларында уақытша болмай қалған немесе уақытша тұрып жатқан адамдар туралы жазбалардың дұрыстығын тексеруге немесе екі рет жазылған азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді. Бақылау санағынан кейін барлық мәліметтер жинақталып, өңделеді.
Соңғы жаңалықтар