Халық санағымен жолда жүрген азаматтар да қамтылатын болады

ОРАЛ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында халық санағымен жолда жүрген азаматтар да қамтылатын болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық статистика департаментінің бастығы Абай Хамзиннің айтуынша, осыған байланысты теміржол вокзалы мен әуежайда арнайы санақ учаскелері құрылды. Қалада санақшылар науқан уақытында қоғамдық көлікте тегін жүретін болады. Бұл туралы жолаушы тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындар басшылары хабардар етілді. Бұл науқанның бұрынғылардан ерекшелігі, тұрғындардың өздері ғана емес, жылжымайтын мүлігі де есепке алынбақ. Халық барлығы 45 сауалға жауап бермек. Жалпы, өңірде 63 санақ учаскесі болса, олардың бәрі де жиһазбен, телефон байланысымен, құжат сақтайтын сөремен қамтамасыз етілген.
Соңғы жаңалықтар