Халық санағын өткізу - азаматтардың әл-ауқатына оң әсер ететін болады ? пікір

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының барлық санақ учаскелерінде жоғары әзірлік байқалуда.
None
None
Аймақта барлығы 107 санақ бөлімі, 859 ?нұсқаулық, 3 729 - санақ учаскесі құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық статистика басқармасына сілтеме жасап. Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Ботамойнақ селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Өмірзақ Жұмабеков алдағы өткелі отырған Ұлттық халық санағы туралы өз пікірімен бөлісті. - Біздің еліміз тәуелсіздік алғалы бері, қазақстандықтардың өмірінде үлкен өзгерістер орын алды. Зиялылардың қатары көбейді, халықтың жалпы білім деңгейі жоғарылады. Біздің ауылымызда, мысалы, халықтың қомақты бөлігін жоғары білімді азаматтар құрайды. Өмірдің басқа да жақтары өзгерді, сондықтан да халық санағы керек, ол - еліміздің келешегі негізделген іргетас.Және де біздер, тұрғындар санаққа белсенді атсалысып, өзіміз және отбасымыз туралы толыққанды мәліметтер беруіміз керек. Әлеуметтік бағдарламалардың қаржыландырылу мәселесі тікелей осы мәліметтерге байланысты болады. Қарапайым адамдардың міндеті - Қазақстандағы демографиялық, экономикалық, этникалық, білім беру және басқа да жағдайларды барынша нақтырақ көрсетуге тырысу. Соңы жылдары біздің ауылымыз өркендеп келеді ? жаңа үйлер салынды, халықтың саны артып келеді, селомызда түрлі ұлттың өкілдері тұрып жатыр. Облыс орталығына жақын болған соң, бұл жағдай халықтың ішкі миграциясына да әсер етуде - адамдардың көбісі ауылда тұрып, қалада жұмыс істеуде. Халық санағы керек және оны дәл қазір өткізу маңызды, себебі, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру мәселесі осынау санақтың нәтижесіне байланысты, ал мұның барлығы біздің тұрмысымызға, әл-ауқатымызға тек оң әсер ететін болады, деп санайды О.Жұмабеков.
Соңғы жаңалықтар