Халық санағына белсенді қатысу ? борышымыз

ОРАЛ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы үндеуіне орай халық санағына белсенді қатысу – азаматтық борышымыз.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Орал қаласындағы №20 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жанар Мағзомова мәлім етті. Оның айтуынша, санақ кезінде әр адамның есепке алынуы шынында да маңызды. Бұл орайда көші-қон жиі орын алған жерлерге ерекше назар аударылуы тиіс. Мәселен, қала маңына соңғы кезде көшіп келушілер көп. «Біз Оралға қарасты Серебряков кентінде тұрамыз, бұл үдеріс мұнда да байқалады. Қоныс аударушылардың ішінде есепке тұрмағандары баршылық. Сондықтан олардың бірі қалмай, санаққа қатысып, санатқа ілінсе, өзі үшін де, елі үшін де оңды болар еді», деді ұстаз.
Соңғы жаңалықтар