12:37, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
Халық санағына дайындық қызу жүруде
АҚТӨБЕ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде қала әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлованың төрайымдылығымен 2009 жылғы халық санағына қолдау көрсету жөніндегі комиссияның отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстарының бір кезеңі аяқталды. Үйлер мен пәтерлердің, тұрғын және тұрғын емес жайлардың тізімдері жасалды, тұрып жатқан халықтың алдын-ала саны анықталды, бұл жұмыстардың барлығын 231 тіркеуші атқарды.Тіркеушілер ауызша алған алдын-ала мәліметтер бойынша, бүгінде 370 211 адам есепке алынып отыр.
Қазір ұлттық санаққа дайындық жұмыстарының келесі кезеңі басталды. Жиналған мәліметтерге сәйкес, Ақтөбеде 37 бөлім, 284 нұсқаулық учаске 1 198 санақ учаскесі құрылып отыр. Бюджет саласының қызметкерлерінің, студенттер мен жеке кәсіпорын қызметкерлерінің қатарынан санақшы кадрлары жасақталып отыр.