18:51, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Халық санағына оралдықтар да белсене қатысуда
ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ұлттық халық санағына оралдықтар да белсене қатысуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Білім беру ардагерлері қалалық кеңесінің төрайымы Софья Иманғалиеваның айтуынша, биылғы халық санағының орны бөлек. Маңызы зор науқан өтіп жатқанын көшедегі билбордтардан, үй аралап жүрген есепшілерден айқын аңғаруға болады. Мұндай халық санағынан ешкімнің тыс қалмағаны ел болашағы үшін маңызды.
Қазіргі кезде қалада 25 санақ бөлімі болса, барлығы 809 есепші жұмыс жасауда. Әр есепші күн сайын кемінде отыз қала тұрғынын есепке алады. Санақпен қала орталығы ғана емес, шеткері орналасқан кенттер, саяжайлар да қамтылып отыр.