Халық санағының салауатты өмір салтын қалыптастыруда да маңызы зор ? маман пікірі

ОРАЛ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Халық санағының салауатты өмір салтын қалыптастыруда да маңызы зор.
None
None
Бұл туралы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Гүлара Омарова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, салауатты өмір салтын қалыптастырудың 2008-2016 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өңірде біршама шаруалар атқарылуда. Қазіргі кезде 2009-2011 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама жасалған. Бұл шараларға қаржы бөлуде және оны тиімді пайдалануда алдағы халық санағы деректері жәрдемдеседі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысында қазақстандықтардың орташа өмір сүру деңгейін 2010 жылға қарай ? 68,1, 2013 жылы ? 69,7, 2016 жылы 71,3 жасқа жеткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ темекі шегушілік пен алкогольді ішімдіктерді ішуді азайту, халықтың денсаулығын жақсарту үшін көкөніс, жеміс-жидекпен молырақ қамту, артық салмақтан арылу және басқа басымдық бағыттар бар. Сондықтан халық санағына сәйкес спортпен белсенді айналысатындар, шылым шегушілер, түрлі науқастар ? барлығы жөнінде статистикалық деректер ескерілетін болады.
Соңғы жаңалықтар