ХАЛЫҚ ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА: Талдау және талғам керек - М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры У. Қалижанов

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Тарих доңғалағы зыр айналып тұр. Ол үздіксіз қозғалады. Сол ұлы дүбірдің ішінде бір ұлт жойылып, бір ұлт көтеріліп, бір ұлт доминант болып әлем тетігін ұстайды, деп жазады М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҰҒА-ның мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы У. Қалижанов «Айқын» басылымының бүгінгі санындағы «Талдау және талғам керек» деген мақаласында.
None
None

«Әрине, мұны Жаратушының ісі деп, мәселені жылы жауып қоя салуға да болар еді. Бірақ Алла адамға бар артықшылықты берді. Ол - ақыл, сана, тіл, ойлау және әрекет. Яғни саналы түрде әр ұлт дөңгеленген дүниеде өз орнын табуға тиіс.

Шыр айналған дүниеде, тарих тол­қынында қазақтың орны қайда? Ол өр­кениетке не қосты? Міне, ұлттық тарихымызды зерделеу бізге «мың өліп, мың тірілген» қазақты тарихи орнын айқындау үшін керек.

Тоталитарлық, коммунистік жүйе біз­дің тарихымызды жоққа шығарды. Ресейдің шеткерісіндегі «бұратана» халықтар ретінде, феодалдық қоғамдық құрылымнан социализмге бір-ақ аттанған «бақытты» халық санатына ендік. Ашар­шылық жылдары ұлтымыздың елу пайызы жойылып, 3,5 миллион халық құ­рылып, бір миллион халық босып, шекара асып кеткенін тарихымызға жазғызбады. Осылай өз ұлтынан жерін­ген, өз ұлтының тарихы мен тілін маңсұқ еткен ұрпақ пайда болды. Бұл, әрине, ұлттың қасіреті.
Ұлттық сананы өзгерту үшін ұлттық тарихымызды түгендеуіміз қажет. Осы мәселені, тарихшылар, әдебиетшілер емес, қазақтың тарих таңдаған перзенті, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерді. Ол егемендік, тәуел­сіздік алған қазақ елінің тарихын өзінен бастаған жоқ. Ол 1999 жылы «Тарих тол­қынында» атты танымдық-зерделік кітап жазды. «...Мен қазақ болғандықтан, қазақ мемлекеттігінің ғұмыр-шежіресін ізге көтерген кезден бастағанның өзінде, қа­зақтың бес ғасырлық төл тарихын білуге тиіспін. Бұған қоса бүкіл түркі халық­тарының тарихи бесігі - түркі қағанатын естен шығаруға болмайды, ал бұл дегеніміз, асау аттай 1500 жыл бұрынғы тарихи кезең...» (Н.Назарбаев. Тарих толқы­нында. А. 1999. 5 б.).
Н.Назарбаев осы талғам-таным кіта­бында тарихшылар алдында тұрған ке­лелі, кезеңді міндеттерді айқындап берді. Ол:
- Ұлт мәдениетінің ұлы тұлғалық-ке­зеңдік тарих сахнасындағы орнын ай­ғақтау;
- Бүгінгі таптаурын жолдан шығып, та­рихты безбендейтін жол тауып, тәсіл жасау;
- Біз кімбіз, шұғыл тарихтың жолы бізді қайда апарды және қайда апармақ?
- Жойдасыз ауыр міндетті тарихшы кемесі жолаушы келер ұрпаққа жеткізуге тиіс;
- Тарихқа археологиялық зерттеулер тұрғысынан қарамай, өмір тану тұрғы­сынан қарау керек;
- Бүгінгінің тұнығы мен тұманы қа­бат­тасқан тарихтың тұңғиығы мен та­мырластығын ашу қажет.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің тарихи танымын айқындайды. Ол қазақ тари­хының он екі кезеңін атап өтті:
1. Қазақстанның бүкіл аумағын қам­титын көшпелі, ежелгі арийлердің қо­ныс­тануы. Оған Сынтасты, Арқайым қорым-кешендері кіреді.
2. Осыдан 4-5 мың жыл бұрын арий­лер солтүстіктен оңтүстікке, оңтүстік Оралдан Үнді өзені бойына ығысты. Үндіде Веда, Иранда Авеста жазылды. Мәдени-тарихи көтерілу басталды. Ежелгі дала, қазақ жері әлсіреді. Содан қалған белгі - таңбалы қамшы.
Сақ патшаларының Есіктегі, Бес­шатырдағы қорғандары одан кейінгі дәуірдің белгілері.
3. Осыдан 3-4 мың жыл бұрын Гоби маңында ғұндар билік құрды. Олардың бір тобы бір ғасырдан соң бүгінгі қазақ даласына құлады. Тәңірге табыну бас­талды.
4. Осыдан 1,5 мың жыл бұрын ғұн нә­сіл­дері - түркілер - Ашина руының түр­кілері жинақталып, кейін олар түркі қағанатын - Мәңгілік ел қалыптасты.
«Қорқыт ата» аңызы сол заманның тарихи сарыны.
Түркі эпосының үш бұтағы немесе үш бөлігі - Қазақстандағы түркі рухания­ты­ның қайнар көзіне айналды.
5. Бұдан 1300-1100 жылдар бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығысқа көшті. Ол Орхон-Енисей жазбаларында таңбаланды. Тоныкөк, Күлтегін рунасының жазбаларын, қы­рыққа тән жәдігерлерді енгізуге болады.
6. Осыдан 1100-900 жылдар бұрын Қазақстанға ислам діні дендеп енді. Араб әріпі руна жазуын ығыстырып шығарды. Ғылым-білім дамыды. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари сол заманның сөнбес жұлдыздары.
7. ХІ ғасыр түркілерден шыққан тұң­ғыш сопы - Қожа Ахмет Йассауи хик­меттерімен ерекшеленеді. Ол қазақтардың рухани мұрасы. Ал Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қазақ мемлекеттігінің нысанасы, ол қазақтың ұлы тұлғаларының пан­теоны.
8. ХІІ-ХІV ғасырлар Шыңғыс хан мен оның ұрпағын жаулаушылық бірыңғай қазақ халқының табиғи дамуына кесел болып жабысты, қанжоса болды. Сол кезде қазақтан Майқы би шықты. Ол қазақтың үш жүзінің таңбаларын тасқа қашады. Үйсіндердің нысаны - ту, ар­ғындардың нысаны - көз, алшындардың нысаны - найза.
Үш жүз өзінің жауынгерлік ұранын алды. Ұлы жүз - Бақтияр - Бақыт, Орта жүз - Ақ жол - Әділет, Кіші жүз - Алшын - От-ана. Олардың ортақ ұраны - Алаш болды.
9. XV-XVIII ғасырлар қазақ хандығы құрылуымен биік сапаға көтерілді. Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау қазақ руханиятының алтын ағысына айналды.
Жәнібек пен Керей хан қазақ деген атауды тарих сахнасына алып шықты.
ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Тәуке ханмен бірге «Жеті жарғыны» жасады.
1729 жылы Аңырақай шайқасы қазақ­тың болу-болмауы туралы мәселені шешті. «Біз күні бүгінге дейін осынау ұлы оқиғаның тиісті бағасын бергеніміз жоқ»!
10. Бұл ХVІІ-ХІХ ғасырларды қам­тиды. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезі еді. Осы кезеңде тарих сах­насына Абылай хан келді. Қазақ елі Ресейдің боданына кірген тұс та осы кезең. Осы сәтте жарқ етіп қазақ көгіне Шоқан мен Абай шықты.
11. ХХ - ХІХ ғасыр Ресейдің гүлденуі де, құлағалы тұрған кезеңін белгілейді. Қазақ өз мемлекетін құруды көздеді. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов Алашорда үкіметін құруға ұмтылды.
Қазақ төңкерісі сөз жүзінде еркіндік әкелгенімен, шын мәнісінде қасіретті жаңа бір кезеңге ұласты. 70 жыл бойы коммунистік жүйе қазақтың ұлттық рухын жоғалтуымен айналысты. Тілінен, дінінен айырылған халық қалыптаса бастады.
12. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі қазақтардың рухын оятты. Алып СССР құлады, қазақ егемен, тәуелсіз мемлекет құру құқығына ие болды.
Елбасы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың осы атақты еңбегі 1999 жылы жарық көріп еді. Содан бері он төрт жыл өте шықты. Қазақ елі тарихының концептуальды жолы тайға таңба басқандай жазылған-ды. Қазақтың рухани тарихы қазақтың тарихи тұлға ретінде қалыптасқанынан жазылып отыр. Ұлы далада өз өрнегін салған, ұлттық құндылығын, тарихын жасаған, жерін қалыптастырып, қоғамдық қаты­нас орнатқан халық қана рухани дүние қалдырмақ. Сондықтан да рухы мықты елдің тарихы да мықты екенін таразы­лайтын сәт келді.
Әрине, жазушылар осы кезеңде қазақтың руханиятының басында тұрған батырлар мен шешендер, хандар мен сұлтандар жөнінде өз ұстанымдарын жариялап жатты.
Ілияс Есенберлин осы тарихи тұлғалар жөнінде ерекше еңбек еткен қаламгер. Ол тарихи роман арқылы қазақтың ең­сесін көтерді. «Көшпенділер» трилогиясы қазақ бұл өмірге бекер келіп, бекер кет­пеген халық екенін айшықтады. Ш.Мұр­таза, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Д.Дос­жан, Қ.Жұмаділов, Ә.Әлімжанов,
М.Сқақ­баев, С.Сматаев, Х.Әдібаев,
Б.Жан­дарбеков сынды қаламгерлердің еңбектері Ұлттық санаға әсер етті.
Әрине, танымал тұлғалардың ішінде ұлы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы ерекше орын алады. Белгілі қоғам кайрат­кері, көрнекті фи­лолог ғалым М.Жол­­­дасбеков пен жазушы Д.Дос­жановтың «Егемен Қазақстанда» шыққан мақалаларында,көркем әдебиет арқылы жұрт Абайды танығанын айтты.
Бұл үрдіс әдебиетке жаңа леп әкелді. Жазушылар ғылыми-танымдық зерт­теулер жасай бастады. Т.Жұртбай, О.Ис­майлов,Ә.Сарай, Қ.Ахметов, Қ.Да­нияров, Қ.Закирьянов, М.Қорғабаев, Х.Қожа-Ахмет, Т.Әбенайұлы, Б.Нүр­жекеұлы, М.Жандыбаев, І.Қондыбай, М.Оразбай сынды тарихшылар мен тарих сүюшілер бар. Қазір үлкен жұмыс жүріп жатыр.
Түрік қауымының пайда болуы ту­ралы шежірелер, тарихи деректер не дейді? Осы ретте «Жамиқ ат-тауарихқа» сүйенеміз. Бұл ұлтымыздың арда ұлы Рашид-ад-Диннің еңбегі. Осы кітаптың қазақ тарихына қатысты зор мәні бар. Тілеуберді Әбенайұлы танымдық кітапты мазмұндап, аудармаларына талдау жасап, «Түгел туарахтың» түбінде не жатыр (Нұр­лы әлем. 2011 ж.) деген кітап жа­риялап еді. Осы түсініктемелерге сүйеніп, Рашид-ад-Дин кітабынан түркі ізін - қазақ ізін іздейміз.
Рашид-ад-Диннің жазуынша түріктер Қытай, Үнді, Кәшмір, Иран, Ұрым, Шам және Мысырға дейін жорық жасап, дүниедегі адам баласы мекендейтін жер­дің көбін иеленген. Осы жазбаға сәйкес, түріктердің түр-тұлғасы, тілі, сөз әуені, негізінен, біркелкі болған екен. Олар «Дешті Қыпшақ, Орыс, Шеркес, Башқұрт қатарлы балтық аймақтарды алып жа­тыр». Демек, бүгінгі жағрафияға салсақ, бүгінгі Қазақстанның батыс-сол­түстігінен Шығыс Еуропаға дейінгі жерді қамтитын алып мекен.
Тарихшы түркілер Маңғұлстан мен Түркістанды, Талас, Сайрам сияқты отырықты жерлерді мекендейтінін жазады. Бұл жазба дерек. Сондықтан да оған шүбә келтіруге болмас. Кітапта айтылатын ел-су, жер аттары күні бүгінге дейін қазақ жерінде, қазақ руларының ішінде. Кен Ертіс, Қара қорым, Алтай деген жер атаулары қазаққа етене жақын. Кен Ертіс, Қара Ертіс бір мағынаны бе­реді. Ол Ұлы Ертіс деген сөздің баламасы. «Қара қорым кісі болды» деп қазақ әлі күнге бейнелі сөз айтады.
Рашид-ад-Дин«Ал енді бір саласына - бұл заманда Маңғұл деген ортақ есіммен аталып жүрген тармақтарға келетін болсақ, олар: Жалайыр, татар, ойрат, меркіт, тағысын тағы арыстар болып бөлінеді». Әрі Рашид-ад-Дин тағы бір тарихи деректі алға тартады. «...Осы ұлыс­тармен бірдей саналатын, алайда өз алдарына ұлыс құрап кеткен керейт, найман, оңғыт қатарлы рулар бар».Әрі тарихшы «Қоңырат, Құралас, Өкіреш, Елжігін, Ұранқайты, Келгенеті» деген рулар тағы бар еді» деп жазады. Бұл түркілердің алдыңғы санын Жалайыр, Керей, Қоңырат, Қаңлы, Қыпшақ секілді рулар құрағанын айғақтайды. Бұл қазақ­тың шыққан тегінің Оғыз хан заманынан әріге қалыптасқанының дәлелі. Соны­мен, Рашид-ад-Дин түркітектес ұлттар­дың бәрінің түп атасы бір екенін жазады. Сонда бүкіл түркілердің түп атасы Оғыз хан болмақ. Оның Күнхан, Айхан, Жұлдызхан атты үш ұлы болады. Тілеу­берді Тыныбай осылардан қазақтар та­райды деп есептейді. Күнхан ежелден белгілі Күн би деп біледі. Одан Қайы, Баят, ал Қарулы деп Қарауылды таратады. Моңғолдың «Құпия шежіресі» мен М.Қаш­қариге сүйеніп, Ақ қойлы, Қара қойлы, Баятты Байұлы деп оны этноним тұрғысынан талдап, жоғарыдағы қоры­тындыға келеді. Ал Айханнан тарайтын Дүкәрді бүгінгі дулаттарға әкеліп телиді. Жұлдызханнан - Ошар, Қазақ, Бегделі, Қырғыз тарайды. «Қазақ-қырғыз бір туған» деген аталы сөз осы ықылым за­ман­ның тарихи жәдігері болар. Сонымен, Оғыз хан Қара ханның баласы екен.
Қара хан мазары кәрі Тараздың биігінде тұр. Жалпы, Рашид-ад-Диннің «Жамиқ-ат-тауарих» кітабында күллі түріктің ру тайпасының аты аталады.
Махмұд Қашқари оларды 22 деп есеп­тейді. Сонымен, ол қандай рулар: Жа­лайыр, Керейіт, Найман, Уақ, Ұйғыр, Қыпшақ, Қоңырат, Үйсін, Жаныс, Дулат, Суан (Сүген), Қаңлы (Қаңғаты).
Ықылым замандарда бір атадан тарап, бір тілде сөйлеп, бір дәстүр мен салт-сананы ұстанған ұлт жеке мемлекет құра алмаса да, Ұлы Шыңғыс хан құрған мемлекеттің тірегі болғанын қазір тарих дәлелдеп отыр. «Құпия шежіреде» бол­сын, Рашид-ад-Дин, Мырза Хайдар Дулати болсын, барлық жылнамаларда қазақтың бас рулары аталады. Хәм олар үлкен тарихи тараптардың ортасында жүреді. Қадырғали Жалаиридің «Тарихи дестері», Махмұт Қашқаридің «Диваны» бәрі-бәрі қазақ руларының тарих тол­қынындағы есімдерін атайды. Демек, қазақ тарихы ежелгі түркі өркениетімен ортақ мұра ретінде қарастырылуы заңды. Бұған Н.Назарбаевтың «Тарих толқы­нында» атты кітабындағы тарихи кезең­дерге бөлу ұстанымы қай жағынан алып қарасаң да үйлесімді.
Он төрт жылдан бері қозғалмай жат­қан мәселені үлкен саясаткер-ғалым, мем­лекеттік хатшы Марат Тәжин мыр­заның көтеріп, мемлекеттік деңгейде шешуі ерекше құбылыс болды.
М.Тәжин айтқан «Қазақстанның қа­зір­гі аумағы, негізінен, қазақ этносын қа­лыптастырған тайпалардың таралуына сәйкес келеді. Ол тайпалардың ХV ғасырда аяқастынан қалыптаса қоймағаны айдан анық» деген пікірі тарихшылар мен әде­биет­шілерге ерекше жол ашады деп ой­лаймын. Кеңестік жүйеден қалған пси­хологиядан ажырауды М.Тәжин қадап айтып отыр. Сондықтан да... «Тұтастай алғанда, жалпы тарих туралы өзіміздің, ұлттың пайым түсінігімізді қалыптастыра бастау мәселесін қарастыру керек» деген сөздің астарын тарихшылар мен әде­биетшілер ұстаным еткені жөн.
Иә, тарихтың тылсымы көп құпия ұғым. Соны зерделеу парыз... Әлқисса, қазақ тарихына қайта оралайық. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұхтархан Оразбай «Қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген тарихи мемлекет­тердің бәрінде де қазақ ұлтын құраған рулар, аталар,жіктердің ерешеліктері байқалып отырады», - деп жазады (М.Оразбай. Қазақ тарихы. А.2010.150). Ол Көне қытай жазба деректерін саралай келіп, қазақтың түп атасы Сақтар тари­хын таратады. Одан ғұндар мемлекетінің тарихи дереккөздерін қытай және түркі ғалымдарының жазбаларымен салыстыра келіп, Ғұндар мемлекеті тұсында найман, қаңлы, қыпшақ, керейт, Ұлы жүз және Үйсін мемлекеті болғанын жазба деректер арқылы дәлелдейді. Ол Сыма Чияк жазған «Шыжи» тарихы, Бангу жазған «Хансу» тарихы, Фанхуа жазған «Хоу ханшу» тарихы, «Моңғолдың құпия шежіресі», Рашит-ат-Диннің тарихна­масы, тағы да басқа дереккөздеріне сүйе­ніп, «Ғұндар тайпасы құрған тарихтағы ұлы мемлекет одағы анығырақ айтқанда, қытайдың терістігіндегі көптеген рулық және тайпалық ұлыстардың күшті бірлігі ретінде тарих сахнасында бет көрсетіп, біздің эрамыздан арғы ІІІ ғасырдан бері билік орыннан шыға бастаған. Ғұндар мемлекетінің құрамына түріктер, төре­лер, оғыздар, аландар, қаңлылар, тұнғыс­тар сияқты және үйсіндер, ұлы жүздер, қазақтар, қырғыздар, оноқтар, бозоқтар, татарлар, аварлар, моңғолдар тектес толып жатқан қандас тайпалар мен рулар кірген» (Сонда 89 б.) деген тұжырым жасайды. Бұл қазақ тарихын тануға қа­жетті зерттеу.
Қазақ тарихшыларының қолына түсе бермеген тағы бір зерттеу бар. Ол 1885 жылы Варшавада А.Ф.Риттих құрастырып шығарған В.М.Истомин басылымы. Ол тарихи-географиялық және этногра­фиялық зерттеулер. Осында қазақ та­рихына қатысты деректер бар. Түсінік­темелерін жазған А.Ф.Риттих. Варшава әскери округінің баспаханасында шық­қан. Осындағы деректерді, ескі славян әрпінен кириллицаға түсіріп, ең маңыз­ды-маңызды деген жерлерінен көлемді мысалдар келтіргенді жөн көрдім.
«Теперь попробуем подойти к имени Русь и к Роксаланам с востока и сомкнуть оба пути в одном пункте. В начале XIII столетия Волжская Болгария одновременно со всею Русью подпала под власть Кипчакской орды (Астын сызған - біз. У.Қ). Население этой орды считало своим предком Кипчака, который при Угуз-хане был найден в дупле дерева, отчего и получил свое имя. Этот кипчак имел огромное влияние на историческую судьбу всего Поволжья, т.е. пространства от Печоры до Дона и Кавказского хребта, которое на Арабских картах обозначается, как Кип­чакская орда или земля. Происхождением этой орды, стоящим в тесной связи с отношениями Кипчака к народам, сидев­шим по Азовскому морю и Дону, уясняется до известной степени и этнография этого пространства. В начале нашей эры и совместно с первым Римским императором Августом образовалось на востоке огромное царство, от Монголии до Ганга к югу и до Сирии на западе. Царствовал там Угуз-хан, Монгол по происхождению, заправляя странами и народами с Сыр-Дарьи, может быть, в Самарканде. Вот этот тоУгуз-хан, или по алчности воинственного дикаря к завоеваниям или может быть, основы­ваясь на владетельном праве по преемству от предшественников, потребовал дани от четырех народов, живших на крайнем западе его государства. Эти народы были: Урус (Русский), Авлак (Влах или Кельт), Маджар или Мадьяры (Угро-Финны) и Башкурд (Башкиры), (Абулгази.Казанская губерния, Риттих).Так как дело идет о народах, живших в бассейне Волги Дона, то под Урусами и следует разуметь ту народность, которая у Римлян и Греков скрывалась под именем Скифов и Сарматов, ибо древние писатели помещали эти народности именно в указанном бассейне. Около них, по Черному морю - ближе к Дунаю, также в Малой Азии, везде были остатки Кельтов и поселения Римлян, придвинувших в это же время свои владения к границам Угуз-хановой монархии. Угро-Финны, т.е. Вогулы и Остяки или Мадьяры, жили к северо-западу от Монголии, по Оби и истокам Урала, а Башкиры находились приблизительно там, где и ныне. Если трудно будет что-нибудь сказать против правильности географического распреде­ления последних трех народов, то может явиться сомнение в ней относительно Урусов, так как вышеприведенное сказание записано неким Абулгази гораздо позднее, когда действительно не было на Дону и на Волге другого народа, кроме Русских.
Риттихтың «Әлдебір Абулгази» дегені белгілі тарихшы Әбілғазы туралы болып отыр. Және ол өзінің атақты «Шежіре и турк» кітабымен тарихта қалған ірі жыл­намашы. Сондықтан да Әбілғазы жаз­балары түркі әлемі, оның ішінде қазақ үшін өте қымбат мұра. Рихтер құрастырған кітаптың құнды жағы көп. Ол славян әлемін зерделеген соң, оның шекаралас көрші халықтар туралы жазбауы мүмкін емес еді. Әрине, ол халықтарды «бұра­тана» деп, менсінбеушілік тұрғысын жазады. Бірақ біз үшін өз ұлтымызға қа­тысты деректері қымбат.
«Известно, однако, что около 395 г. Гунны подобно потоку разлились по Малой Азии, а разные Германские народы, не находя дома покоя, должны были оставить окончательно берега Одры, Дунава и Лабы и устремиться на Балканский полуостров, в Италию, Францию, Испанию, Африку и Азию. Вся Европа пришла в движение, все разрушалось, все созданное Готами и Римлянами, которые были ненавистны Гуннам за коварство и бесчеловечность. Около этого же времени начал царствовать над отделом Гуннской орды Мунчук, отец Атиллы. Соправителями его над другими ордами Гунн были Октар и Руя или Роас, по нашему Рус, которому досталась в удел вновь покореннаяПаннония, откуда Гунны изгнали Вестготов силою, вслед за победою Баламира над Винитаром. Этот Рус известен тем, что ходил в Мизию и, вероятно, проникал до сердца Византийской империи, Острома, который вынужден был платить ему дань. После смерти этих братьев, главенство над Гуннами досталось сыновьям Мунчука - Бледу и Аттилле. Последний по особенности своего характера, самолюбивый, гордый, дальновидный, умный и хитрый, не мог разделятть власти и, убив брата в 443 г., сделался самодержавным властелином громаднейшего царства, какие только и возможны на востоке» - деп жазады. Осылай Рихтер Аттиланың Ғұндар тай­па­сының көсемі, қолбасшысы екенін растайды. Бізге керегі де осы. Мына жолдарға назар аударайық.
«Вся нынешняя Россия, до Ладоги, и по Дону до Кавказа, Германия до Одры, Пан­нония, Иллирика до Адриатического моря и Савы, все это. Византийская империя пла­тила дань, запад трепетал, и слух об Ат­тиллепредшествовэхал его славе и делу. Рихтер Арийлердің қоныс аударуы жөнінде де толымды ақпарат береді. Өйткені арийлердің қазақтың тарихына қатысы бар. Басында бұл жөнінде
Н.Назарбаев кітабынан мысалдар алынған еді.
«Изложенное показывает вероятность движения Арийцев и с ними Славян из Бактрии и с вершин плоскогорья, по север­ным окраинам Ирана к Каспи и Армении и о разлитии их к югу, до Палестины. Но такое движение только в одну сторону по самому географическому положению Памира немыслимо. Несомненно, что многие роды пошли другим путем, по течению Аму и Сыр-Дарьи. Эта местность, известная под названием Турана, была всегда менее приветлива, чем Иран» (Сонда, 317 б.).
Рихтер Арийлердің қоныс аудару тарихын жазу барысында атақты тарихшы Страбонға сүйенеді.
«У Страбона впервые появляется имя Турiуа за Оксусом, что напоминает Туран, а до того этого имени не было, как не было и Туранского племени и страны. Тюрки появились гораздо позже, что однако же не мешает Монголо-Татарам существовать давно до Р.Х. и вести между собою ожес­точенные войны, и также производить себя из земли семи рек и от общего с Арийцами родоначальника Яфета Древние индусы и Персы называют жителей Яксарта и выше Саками. Это имя было очень распространено в рассмотренных нами Арийских местностях, встречается в древней Бактрии, между Аму и Сыр-Дарьею, в Арии, доходит до Куры, Шороха, Архипелага и Дуная. Геродот говорит о Саках, живущих на р. Мург, т.е. в Мерв. Они вели жизнь воинственно-бродяжни­ческую, очень похожую на жизнь поздней­ших казаков».
Осындағы «қазақ» деп отырғаны кім? Бұл біздің түсінігіміздегі қара шекпенді казак емес. Бұл Тұран даласын жайлаған «қаңғыбас», көшіп-қонып жүретін қазақ, яғни біздің бабаларымыз. Әрине, Рихтер славяндардың да арғы тегі скифтер деп біледі. Қара теңіз, Дон, Днепр маңында тұрған скифтерге қатысты айтады. Рихтер жазбаларындағы Ғұндар та­рихы қытай деректемелері негізінде жа­зылғаны айтылады. Бірақ сілтеме жасал­майды.
«Китайцы с особенным любопытством следили за движениями кочевых племен Турана, которые не давали Китаю покоя с II столетия до Р.Х. Эти кочевники были никто иные, как Хун-ну, Гiунг-ну или Гунны. Чтобы совладать с этим опасным соседом, Китайцы вступили в родственный союз с племенем Усун; это были длиннолицые люди, с лошадиными мордами, впалыми глазами, с уродливыми длинными носами, с голубыми или зелеными глазами, белокурые. За их государя Кунми, т.е. Konig, король, они выдали замуж свою неутешную княжну. Усуны кочевали по Или, этому великому пути от срединного Китая и Тихого океана до Балтики, в том месте, где ныне стоят наши города Копал и Верное. Поселились Усуны на Или с верховье Гоанга, принужденные к этому своими вечными врагами Хун-ну, Гуннами, причем сами вытеснили с Или племя Юэ-чжи, которое потом называется Iета или Гета: отсюда Массагеты, Фисагеты и Тирагеты, последние это обитатели Прута, Днестра и притоков Тиссы. Эти Геты, спустившись с Или к Сыр-Дарье, поселились около Ко­кана и племени Та-хiа, Даков, в то время, как к западу от них, на 49 дней пути, жили Асы. За 120 лет до Р.Х. Китайские ис­точники указывают, что по направлению от Сыр-Дарьи к Уралу и Волге жили Алане. Следовательно, в этот период произошло переселение больших родов в среднем Китае, вблизи Тибета, смежного с Кашгаром, Памиром, Гиндукушем и др. Гунны теснили Усунов, последние Готов, а они в свою очередь Даков, Азов, совпа­дающих по месту жительства с Аланами, родственными Усунам. ПомянутыеЮэ-чжи-iеты-геты признаны за Массагетов, т.е. больших Гетов. Так то мы получаем целую цепь одной и той же Индо-Европейской расы: Усун, Асов, Алан, Гетов, т.е. целый ряд исторических народов от Дуная до Карпат и до Сыр-Дарьи). Все это однако же относится ко II ст. до Р.Х...
Бұл ұлттардың көнелілігі емей не­мене? Дунайдан Карпатқа және Сыр­дарияға дейінгі жерді алып жатқан жерде қазақтың ізі сайрап жатыр. Екінші бір дереккөзі туралы айтқан жөн. Оны Рамазан Хұсайынұлы Керейтовтың «Ногайцы. Особенности этнической истории и бытовой культуры» атты монографиясынан кездестірдім. (Ставрополь. «Сервисшкола».2009г.) Сонда мынандай дерек бар. «Среди кубанских и кумских ногайцев распростра­нен этноним «къазакъ», принятый ныне как фамилия Казаков. (Сонда. 115 б.). Сонымен, Ноғай руларының аттарына назар аударалық. Қыпшақ, Қаңлы, Үйсін, Найман, Керей, Қоңырат, Қытай, Байыс, Тама, Мажар рулары сол қалпында әлі күнге сақталып тұр. Бұдан шығатын бір-ақ қорытынды бар. Ол Ұлы тарихи кезеңдерде қазақ руларының басым бол­ғандығы. Сондықтан да қазақ тарихын Н.Назарбаев бағамдаған өлшеммен алып, қалыптастырсақ дұрыс болар еді», - деп жазады ғалым.

Соңғы жаңалықтар