Халықаралық арт-форум өз жұмысын бастады

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Астана қаласында Бейбітшілік пен келісім сарайында "Құланшы"VІІ халықаралық  арт-форумы өз жұмысын бастады. Бұл туралы елорданың ресми сайтынан хабарлады.
None
None

Биылғы жылы экспозиция Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті Күніне арналып отыр. Іс-шараға  Қазақстан, Италия және Әзірбайжанның суретшілері қатысуда. Көрермендер  назарына планшетті графика мен ультра-реализм стилінде орындалған картиналар ұсынылған. Италия суретшісі Рон ди Скенза форумға арнайы өзінің Тайм журналының сыртқы бетінде жарияланған  Елбасының портретін алып келіпті. Көрмедегі жұмыстарымен қатар танымал суретшілер өзінің қазақстандық әріптестерімен, Өнер университетінің студенттерімен кездесіп, шеберлік-кластар өткізді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум