Халықаралық әйелдер күнінде Kcell, Activ абоненттері 148,4 млн. рет қоңырау соғып, 16,5 млн. СМС жіберді

АЛМАТЫ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Халықаралық әйелдер күнінде Kcell және Activ абоненттері 148,4 миллион рет қоңырау соғып, 16,5 миллион СМС құттықтаулар жіберді.
None
None

«8 Наурыз» - қазақстандықтардың ең сүйікті мейрамдарының бірі. Сондықтан біз көптеген құттықтау қоңырауларын күтіп, желідегі үлкен жүктемеге алдын ала әзірлендік. Желі жұмысын қадағалау тәулік бойы іске асырылды. Біз абоненттерімізге сүйікті әйел адамдарына жылы да биязы лебіздерін айту мүмкіндігін бергенімізге өте қуаныштымыз», - дейді «Кселл» АҚ әлеуметпен байланыс жөніндегі директоры Аида Досаева.

Оның айтуынша, бұл күні шақырылған абонентке қоңыраудың нәтижелігі 98,9 пайызды құрады. Ал жолданған СМС хабарлама саны қатардағы күнмен салыстырғанда 3,3 есеге өсті. Сонымен бірге, қысқа хаттаманы жеткізудің жылдамдығы 9 секундқа тең болды.

Соңғы жаңалықтар