11:24, 06 Наурыз 2009 | GMT +5
Халықаралық әйелдер күніне орай шаралар кеңінен ұйымдастырылуда
ОРАЛ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Халықаралық әйелдер күніне орай шаралар кеңінен ұйымдастырылуда.
Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырханов ҚазАқпарат тілшісіне мәлім еткеніндей, облыс кітапханаларында тақырыптық кештер мен кітап көрмелері ұйымдастырылса, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония және басқа өнер ұжымдары арнайы концерттер қойды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, театрлар, өзге де мәдениет ошақтары мерекелік шаралардан тыс қалған жоқ.