Халықаралық бағытта қатынайтын тағы 9 рейс ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет отырысының қорытындысы жайында брифинг өткізген үкімет мүшелері ЕЭО құрылғаннан кейінгі орын алатын өзгерістер жайында баяндады.
None
None

ҚР Көлiк және коммуникация министрiнің орынбасары Азат Бектұров айтуынша, жолаушылар ағынының артуына байланысты еліміздехалықаралық бағытта қатынайтын тағы 9 рейс ашылатын болады.

«Көлiк және коммуникация министрлігi биыл халықаралық бағытта 9 рейс ашуды жоспарлауда. «Эйр Астана» әуекомпаниясы «Астана-Банког» және «Астана-Прага» рейстерінұйымдастырмақ. Ал «Скат» әуекомпаниясыболса, өзкезегінде «Ақтау-Сочи» мен «Ақтау-Волгоград», «Астана-Челябинск», «Астана-Томск» және «Өскемен-Новосiбiр» бағыттарындажаңарейістерінжолғашығармақ. Соныменқатар, «BekAir» әуекомпаниясы «Орал-Мәскеу» және «Орал-Санкт-Петербург» бағыттарындақатынайтын ұшақтармен жолаушылар тасымалдайтын болады», - деді Көлік және коммуникация вице-министрі.

Оның айтуына қарағанда, мұндай халықаралық бағыттардың ашылуы Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы елдер арасында жолаушылар ағынының артуы мен тікелей байланысты көрінеді.

«Сондай-ақ, осы бағыттағы жұмыстар мұнымен шектелмек емес. Қазақстанның транзиттiк әлеуетiн дамыту мақсатында ұшу географиясын кеңейту жұмыстары үнемi жалғасын тауып отырады», - деді ол сөз соңында.

Ал, ҚР Ауыл шаруашылығ министрі Асылжан Мамытбеков болса Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындарға салықтық ауыртпашылық азаятынын айтып отыр.

Оның айтуынша, Үкімет салық салу заңнамасына Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған ұсыныстарды қолдады. Мысалы, енді саладағы шикізат дайындаушы кәсіпорындарға мемлекет тарапынан субсидия бөлінеді.

«Бүгінде еліміздегі малдың 70 пайызы жеке шаруашылықтарда шоғырланған. Шаруа қожалықтары қосымша салық құнын төлемейді. Ал, өнім өңдеуші кәсіпорындар олардан шикізат сатып алған кезде қосымша салық құнын барлық ақша айналымынан төлеуге мәжбүр. Бұл қосымша ауыртпаушылық туғызады және шығарылатын өнім бәсекелестігін төмендетеді. Енді бұл мәселе шешіледі, біз шикізат дайындайтын кәсіпорындарға арнайы қаржылык көмек көрсетуді жөн көрдік» деді министр.

Журналистер алдында сөз сөйлеген ҚР Әділет министрі Берік Имашев Зияткерлік меншікті қорғау экономикалық интеграцияның басым бағытының бірі екендігін айтты.

«Зияткерлік меншікті қорғау Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістік шеңберінде экономикалық интеграцияның басым бағыттарының бірі болып табылады және Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың негізгі міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Ал қазіргі уақытта заңнаманы және әділет органдарының құқық қолдану тәжірибесін ары қарай жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп атап өтті Б.Имашев.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында Берік Мәжитұлы елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша кеңес отырысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, тауар таңбалары мәселелері бойынша тақырыптыр қозғалғандығы жайында баяндама жасаған. Оның айтуына қарағанда, ИАЖК (инвестициялық ахуалды жақсарту кеңесі) отырысында жекелеген қатысушыларының жұмыс тәртібінде ұсынған құжаттарды зерделеп, көтеріліп жатқан мәселелер Әділет министрлігінің құзыретіне ғана жатпайтын көрінеді.

«Десек те, «Әділет органдары туралы» Заңның 3-бабына сәйкес Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға уәкілетті», - деп сөзін сабақтады министр.

Соңғы жаңалықтар