Халықаралық байқаудың қорытындысы бойынша «Шымкент әуежайы» «Перспективалы дамушы әуежай» болып танылды
Шымкент әуежайы осы қауымдастықтың құрамына кіреді және байқауда үшінші рет жеңіске жетіп отыр. 2009 жылғы жұмыстардың қорытындысы бойынша байқауға 23 үміткер қатысқан, оның ішінде 16 ресейлік компаниялардың өкілдері болды. «Былтырғы жылы шымкенттік әуежай 120 000 жолаушыға қызмет көрсеткен және 4 000 тонна жүк тасымалдаған. Бұл - біздің ең үлкен жетістігіміз. Әуежайда әуе кемелерін, соның ішінде «Руслан» тәрізді жүк борттарын еш кедергісіз қабылдай алатын тамаша авиажолағы бар. Жақында халықаралық санаттарға бөлінген жолаушыларға арналған заманауи бөлмелер салынды. Биылғы жылы Астана, Алматы және Мәскеуге ұшатын рейстердің саны артты, Үрімші мен Анталияға ұшатын рейстер қосылды, КСРО құлағаннан соң жұмыс істемеген Өскемен бағытындағы рейс қайтадан қалпына келтірілді. Кеңестік кезеңде болған Омбі пен Новосібір бағытындағы рейстерді қалпына келтіру жоспарланған. 2008 жылдың өзінде мақұлданған жаңа әуежайдың жобасы бар, оның құрылысы жақын арада басталады», - дейді «Шымкент әуежайы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Валерий Естюфеев.
«Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Шымкент әуежайы» АҚ жарғылық капиталына арнайы техника сатып алатын лизингтік компанияның бастапқы салымына арналған қаржы бөлу туралы шешім қабылдаған. Жобаның жалпы құны - 279, 705 млн. теңге, оның 139, 705 млн. теңгесін ӘКК беріп отыр.