Халықаралық байқаушы Қазақстанда өтіп жатқан сайлауға баға берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінгі ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау процесін қазақстандық және тәуелсіз халықаралық байқаушылар қадағалауда. Солардың бірі Польша республикасынан келген байқаушы Қазақстанда өтіп жатқан сайлау туралы пікірімен бөлісті, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазақстанның дамып келе жатқан елдердің бірі. Бүгін ел үшін өте маңызды күн. Қазақстан жаңа дәуірді бастайды, себебі сайлауда 5 бірдей партия тіркеуден өтті. Және адамдар тізімі көп, бұл жаңа жағдай. Өзге посткеңестік мемлекеттерге қарағанда Қазақстанда жүйе мен тәртіп ерекше байқалады. Мысалыға Украина мен Беларусь елдеріндегі сайлауды айтуға болады. Ал сіздерде жүйе мен тәртіп және ел тұрақтылығы бақыланады. Сондай-ақ, сайлау процесін қазақстандық емес, одан бөлек халықаралық байқаушылардың қадағалап жатқандығын ерекше айтып өткен жөн», - деді Томаш Ленц елордада тәуелсіз халықаралық байқаушылардың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, елордадағы сайлауды 225 тәуелсіз халықаралық байқаушы қадағалауда.


Соңғы жаңалықтар