Халықаралық байқаушы сайлау процесіне пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербиядан келген халықаралық байқаушы Драгомир Карич Қазақстанда өтіп жатқан президенттік сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық байқаушы сайлау процесіне пікір білдірді

«Сайлау учаскесінің жұмысы жақсы ұйымдастырылған, яғни азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған. Осы тарихи күнмен шын жүректен Қазақстанның барлық азаматтарын құттықтаймын. Менің ойымша, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биыл тарихи дұрыс шешім қабылдады, осы орайда бүгін ел халқы жаңа Президентін таңдап жатыр», - деді Д. Карич елордадағы № 58 сайлау учаскесінде.

Сонымен қатар ол биылғы сайлауда Қазақстанда әйел кандидат қатысуна қатысты пікір айтты.

«Сіздерде сайлауға әйел кандидат (Дания Еспаева) қатысып жатыр. Алдағы уақытта онымен танысуға ниет білдіріп отырмыз. Жалпы, бүгінгі сайлау мереке секілді өтіп жатқанын байқадық. Сіздерде сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді», - деді халықаралық байқаушы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, № 58 сайлау учаскесінде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева дауыс берді.