15:19, 08 Қазан 2013 | GMT +5
Халықаралық еңбек ұйымы ТМД жастарын жұмысқа орналастыруға бағытталған жобаны іске қосты
САНКТ-ПЕТЕРБОР. 8 қазан. ҚазАқпарат - Халықаралық еңбек ұйымы ТМД жастарын жұмысқа орналастыру жөніндегі жобаны іске қосты.

«ТМД елдерінде жастарды жұмыспен қамту саласындағы ынтымақтастық» жобасы қазіргі таңда нарықта сұранысқа ие мамандарды дайындауға көмектеседі.
«Халықаралық еңбек ұйымының жастарды жұмыспен қамту саясатының тиімділігін арттыру және ТМД елдерінде жастарға қолайлы жұмыс орындарын ашу жобасы Әзірбайжан, Қазақстан, Ресейде басталады», - деп хабарлады ТМД ПАА баспасөз қызметінен.
Жобаны «Лукойл» ААҚ қаржыландырады.
Еске салып өтейік, халықаралық еңбек ұйымы - БҰҰ жүйесінің арнайы агенттігі ретінде еңбек саласындағы адам құқығын, әлеуметтік әділеттілік принциптерін алға жылжытып отыратын мекеме. 1919 жылы құрылған ХЕҰ 1946 жылы БҰҰ-ның бірінші арнайы агенттігіне айналды. ХЕҰ халықаралық еңбек нормаларын конвенция және ұсыныс үлгісінде дайындайды.