Халықаралық «EXPO-2017» көрмесіне қарқынды дайындық жүріп жатыр
Аталмыш дирекция әкімдік бөлімшелерінің осыған тартылған басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдармен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Компания отандық және шетелдік инвесторларды тартуға басымдық беріп отыр.
«Ең басты мәселе - алдағы «Милан-2015» көрмесінің қатысушыларымен келіссөздер жүргізу. Қазақстан миландық көрме қарсаңында өзінің «EXPO-2017» көрмесін таныстырады, онда Қазақстанның павильондық көрмесі де тікелей қатысады», - деді «Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесін дайындау және өткізу дирекциясы» ЖШС директоры Бауыржан Жансейітов.
Айта кетер жайт, «EXPO-2017» көрмесі қарсаңында Астанадағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін әр түрлі жобалар іске қосылуда. Кеше «Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесін дайындау және өткізу дирекциясы» ЖШС, «Эфес Қазақстан» ЖК АҚ және PosadiDerevo.kz Республикалық Қоғамдық Бірлестігі «ECO-EFES» жобасы аясында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды.
Аталған ұйымдардың өкілдерінің атап өтуінше, бұл жоба Астананың экологиялық жағдайын жақсартып, қоршаған ортаның ластануын төмендетуге көмектеседі. Жоба 2017 жылы өтетін халықаралық «Болашақтың энергиясы» мамандандырылған көрмесін өткізу қарсаңында Астанада әлемдік жоғары экологиялық стандарттарды енгізуге қызмет етеді деп күтілуде, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.