Халықаралық ғарыш стансасына аттанатын 33/34-ші ұзақ мерзімді экспедициясының экипаждары Байқоңырға келді

  АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Халықаралық ғарыш стансасына аттанатын 33/34-ші ұзақ  мерзімді экспедициясының негізгі экипажының мүшелері
None
None

- Олег Новицкий, Евгений Тарелкин (Ресей ғарыш агенттігі), Кевин Форд (НАСА) және олардың әріптестері-алмастырушылар - Павел Виноградов, Александр Мисуркин (Ресей ғарыш агенттігі), Кристофер Кэссиди (НАСА) «Байқоңыр» ғарыш айлағына келді. Бұл жайында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің сайтында хабарланған.

«Крайний» әуежайында ғарышкерлер мен астронавтарды Роскосмос, «Южный» ғарыштық орталығы, «Энергия им. С.П.Королева» зымыран - ғарыштық корпорациясы, қалалық әкімшіліктің өкілдері, сондай-ақ Байқоңыр қаласының Халықаралық ғарыштық мектебінің білім алушылары қарсы алды.

Қысқа кездесуден кейін ғарышкерлер мен астронавтар, сонымен қатар оларды алып жүретін тұлғалар Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді даярлау орталығының сынау оқу-жаттығу кешеніне жөнелді. Онда экипаждар ұшу дайындығының қорытынды кезеңінен өтетін болады.  

Бортында Ресей ғарыш агенттігінің ғарышкерлері Олег Новицкий, Евгений Тарелкин мен  НАСА астронавты Кевин Форд бар «Союз ТМА-06М» басқарылатын транспорттық кемесінің ұшуы 23 қазанға жоспарланған.   

Соңғы жаңалықтар