Халықаралық ғарыш стансысының халықаралық экипажын қондыруға барлық қызметтер әзір

ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «Союз ТМА-17» ғарыш кемесінің қону аппаратын қарсылауға барлық қызметтер әзір. Бұл туралы Қарағандыда бүгін өткен брифингіде Әуе көлігі федералдық агенттігінің басшысы Александр Нерадько мәлім етті.
None
None

Алдын ала барлық жедел-техникалық топтар жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды.

«Халықаралық ұшыру ғарыш стансысының ұшу бағдарламасына сәйкес құрамында ресей ғарышкері Олег Котов, астронавт Соичи Ногучи (Жапония) және астронавт Тимоти Кримера (АҚШ) халықаралық экипажы бар «Союз ТМА-17» ғарыш кемесі Астана уақытымен маусымның 2-сінде 9 сағат 24 минутте Жезқазғанның оңтүстік- шығыс жағында 145 шақырым жерде қонады деп жоспарлануда, - деді А.Нерадько. - Алдын ала ұшып қараудың нәтижесінде қондыру комиссиясы ол жерді іздестіру-құтқару жұмыстарына жарамды деп тапты».

«Барлық күштер мен әскери-көлік авиациясы әзір. 14 тікұшақ пайдаланылады, оның екеуі резервте болады, сондай-ақ 4 ұшақ қосылады», - деп баяндады әскери-көлік авиациясы қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Валерий Шемякин.

Ғарышкерлерді Жерде Ғарышкерлерді даярлау орталығының, Ресейдің «Энергия» ғарыш корпорациясының, НАСА (АҚШ), НАСДА (Жапония) және басқа да ұйымдардың өкілдері қарсы алады.

Соңғы жаңалықтар