Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Ағымдағы жылғы ақпанның 16-сында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Орталық аппаратында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Нұр Отан» ХДП халықтық сенім партиясы» тақырыбында өтетін арнайы шара аталмыш партияның 10 жылдық мерейтойына арналған. Конференцияның мақсаты ? партияның тарихи жолын, еліміз бен қазақстандық қоғамның заманауи өміріндегі рөлін ұғыну, «Нұр Отан» партияның даму болашағына қатысты ұсыныстар әзірлеу» - деді «Нұр Отан» ХДП ресми өкілі Оксана Петерс.Конференцияға ҚР Парламенті депутаттары, Президент Әкімшілігі мен ҚР Үкіметінің өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, халықаралық ұйымдар, сарапшылар мен ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысады.
Соңғы жаңалықтар