Халықаралық инвесторлар апталығы: исламдық қаржыландырудың ерекшелігі неде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды да өткен Халықаралық инвесторлар апталығында исламдық қаржыландырудың мүмкіндіктер мен әлеуетіне қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда исламдық қаржыландыру мәселелеріне зор көңіл бөлінген. Сонымен қатар, еліміз исламдық қаржыландыру саласында үлкен әлеуетке ие.

Ислам банкингі жөніндегі белгілі сарапшы, экономика ғылымдарының профессоры, доктор Мохаммед Чейкер ТМД елдерінің қаржы нарығында Қазақстанның рөлінің зор екенін және бұл елге ислам банк жүйесі арқылы жаңа қаржылық қызметтерді жүзеге асыруда пионер болудың мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Сарапшының пікірінше, Қазақстандағы ислам банктері салауатты бәсекелестікті дамыту үшін де қажет.

2009 жылғы 12 ақпандағы № 133-IV Қазақстан Республикасының Заңымен «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Қазақстан Республикасының Заңы жаңа тараумен толықты. Оның нормалары Қазақстанда ислам қаржы институттарын құру және олардың қызметі мен қазақстандық экономиканы қуатты қаржыландыру үшін мүмкіндіктер ашады.

Ислам қаржысы – Қазақстандағы белгілі бір инфрақұрылымды талап ететін бағыт. Ол ең алдымен халық арасында кеңінен насихаттауды қажет етіп отыр. Сондай-ақ АХҚО жанындағы үздіксіз білім беру бюросымен айналысатын адам ресурстарын тұрақты дамыту керек. Қазақстандағы ислам банктерінің табысты дамуы үшін АХҚО-да барлық жағдай жасалған. Орталықта дәстүрлі ағылшын құқығы қолданылады, оған бүкіл әлем бойынша көптеген инвесторлар сенеді, бұл Қазақстанды инвесторлар үшін өте қызықты етеді. АХҚО-да көптеген компаниялар котацияланатын және сукук-исламдық облигациялар шығаратын өз биржасы бар.

«Ислам бағалы қағаздары кәдімгі бағалы қағаздар болып табылады. Бірақ оның айырмашылығы әдептілікті ұстануында. Активі 500 000 АҚШ доллары болатын ең төменгі шектегі кез келген компания біздің биржада сукук шығара алады. Қарапайым қаржы жүйесі ғана емес, компанияларға тек банк пен қарапайым облигацияларға ғана емес, сонымен қатар олардың балама нұсқасының болуына мүмкіндік беретін тағы бір жүйе болуы тиіс. Ол сұраныс пен қызығушылық, инвесторлардың пулына байланысты болады», - деп түсіндірді ислам қаржы және бизнес жөніндегі Хаб өкілі Шыңғысхан Игбаев.

Сукук – шариғатты ұстанатын елдерде таралған қаржылық құжат, облигациялардың исламдық баламасы. Шариғат өсімқорлыққа тыйым салуына байланысты ислам елдерінде дәстүрлі облигацияларға жол берілмейді.

Сукук қаржыландырылатын іс-шараның пайдасы есебінен кепілсіз табысты қамтамасыз етеді, яғни мақсатты болып табылады.

Соңғы жаңалықтар