Халықаралық іздеуде болған Иордания азаматы Астанада ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық Ішкі істер департаменті 51 жастағы иорданиялық азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Астана қалалық ІІД қызметкерлері Иорданияның Ұлттық орталық Интерпол бюросы арналары арқылы Иордания Корольдігі Қылмыстық кодексінің 265-бабы бойынша (құжатты қолдан жасау) халықаралық іздеуде жүрген 51 жастағы Иордания Корольдігінің азаматын анықтап, оны қолға түсірді», - делінеді хабарламада.
Полиция хабарлағанындай, ұсталған азамат Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта Иордания полициясына беру мақсатында оны елден экстрадициялық қамауға алу туралы мәселе шешілуде.