Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысынан табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Алматы облысындағы Қарасай ауданынан табылды. 22 жастағы жігіт 2015 жылы қарақшылық жасап, жасырынып жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Ер азамат құрылыс нысандарының бірінде жұмысшы болып істеп жүрген. Арнайы миграциялық заңға сәйкес тексеру барысында, ол өзіне тиесілі ешқандай құжатты көрсете алмады. Осыған байланысты Өзбекстан азаматы аудандық полиция бөлімшесіне жеткізіліп, арнайы тексеру  базаға  ол жайлы ақпарат енгізгенде, оның іздеуде жүргені анықталды. Күдіктінің ұсталғандығы жөнінде оған іздеу салған органға хабарланды», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері күдіктінің қай уақыттан бері Қазақстан аумағында жасырынып жүргенін анықталатынын айтты. Сонымен қатар, шекарадан  қай жерден және қай уақытта өткені де тексеріледі.

Соңғы жаңалықтар