Халықаралық қарттар күні аталып өтті
АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін, 1 қазан күні Көліктегі ІІД-де Халықаралық қарттар күні салтанатты түрде аталып өтілді. Мерейлі шараға департаменттің басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Мерекенің сәнін оған арнайы шақырылған Көліктегі ІІД-нің ардагерлері ашты.
«Мерекеге жиналған ардагерлерді Көліктегі ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуов құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір және отбасыларына амандық тіледі. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Борис Ефимович Корошкеевич те ардагерлердің қызметін өздерінен кейінгі жастарға үлгі етіп, олардың жүріп өткен өнегелі жолын мақтанышпен баяндады», - деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, шара барысында мерекелік дастархан жайылып, қарияларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.