Халықаралық қауіпсіздік проблемалары Қазақстанның алдағы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі кезінде басым бағыттардың бірі болады - С.Пірімбетов

Осыған байланысты кеше Бакудегі «Жаңалықтар» халықаралық баспасөз орталығында Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Серік Пірімбетов баспасөз мәслихатын өткізіп, әзірбайжан қоғамдастығының өкілдеріне осы нысанның Қазақстанның және тұтастай алғанда аймақ экологиясына келтірген орасан үлкен зияны туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның рөлін ескере отырып ҚР Президенті Семей ядролық полигоны жабылған тамыздың 29-ын Дүниежүзілік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялау туралы ұсыныс білдірді. Қазақстан бұл ұсынысты Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауына енгізуге даяр», - деп сөзін түйіндеді С.Пірімбетов.
Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып Елші сонымен қатар, Қазақстанның Ресей және Америка Құрама Штаттары президенттері Дмитрий Медведев пен Барак Обаманың ядролық қарусыздану және стратегиялық қырып-жоятын қаруларды қысқарту саласындағы жақында көтерген бастамаларын қолдайтынын айтты.
«Халықаралық қауіпсіздік проблемалары Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі кезінде басым бағыттардың бірі болады», - деп сөзін қорытты дипломат.