Халықаралық қауымдастық ҚР Президентінің көшбасшылығын объективті түрде қабылдап отыр - Қанат Саудабаев

«Ең алдымен мен мерекемен жаңа Қазақстанның негізін салушы адам әрі біздің бас дипломатымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты құттықтағым келеді, - деді Қ.Саудабаев. - Сіздер біздің аз ғана уақыт өткен егемендік жылдарымызда осы адамның үздік көшбасшылығының арқасында біздің еліміздің орасан табыстарға жеткенін білесіздер. КСРО-ның беймәлім жарықшағынан Қазақстан әлемдік қауымдастықтың құрметті әрі берік әріптесіне айналды. ЕҚЫҰ сынды беделді ұйымдардың біріне жарты жылдан астам уақыттан бері төрағалық етіп келе жатқанымыздың өзі біздің Президентіміздің көшбасшылығын халықаралық қауымдастықтың объективті қабылдағанының белгісі».
Қ.Саудабаев атап өткендей, сыртқы саясат - жалпыұлттық көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша құқы болғандықтан, дипломаттар Мемлекет басшысының негізгі көмекшілері болып табылады. Ол - еліміздің сыртқы саясатының стратегі мен сәулетшісі болса, СІМ - оны жүзеге асырудың құралы. Сондықтан да, Мемлекеттік хатшы - ҚР СІМ басшысының сөзінше, Елбасының саясатын жүзеге асыруда оған көмекші болу зор бақыт пен мәртебе.