Халықаралық маңызға ие заң жобалары қаралады - Мәжіліс

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыста «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы желтоқсанның 25-індегі шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралады.

Сол секілді «Ядролық авария жағдайындағы немесе радиациялық авария жағдайындағы көмек туралы конвенцияны ратификациялау туралы», «Ядролық авария туралы жедел хабарлау жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы» және «Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріккен конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобалары талқыға салынады.

Сонымен бірге комитет мүшелері басқа да заң жобаларын қарастырады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар