15:25, 06 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Халықаралық мүгедектер күніне орай ұйымдастырылған фотобайқаудың жеңімпаздары анықталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында халықаралық мүгедектер күніне орай ұйымдастырылған фотобайқаудың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

««Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараға кәсіби және әуесқой фотографтардың жұмыстары ұсынылды. Байқауға мүгедектер мәселесі бойынша облыс әкімінің кеңесшісі, ««Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестіктің төрағасы Василий Шиманский, Көкшетау қаласы әкімінің мүгедектер мәселесі бойынша штаттан тыс кеңесшісі Рамазан Мұқатаев және «Нұр Отан» партиясы мен қалалық мәдениет бөлімдерінің өкілдері қатысып, төрелік етті.
Байқау қорытындысына сай жүлделі бірінші орынды Гүлсім Түлекенова жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды Нұрлан Бижанов пен Нұрлан Ысқақов өзара бөлісті.
Жеңімпаздар дипломдар және сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында барлығы естелік суретке түсті.