Халықаралық олимпиадалардың 27 жеңімпазы 4,7 млн теңгеден алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада жүлдегері болған оқушыларды марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық олимпиадалардың 27 жеңімпазы 4,7 млн теңгеден алды

«Биыл дарынды балаларымыз 27 медаль жеңіп алып, өткен жылдардағы рекордтарын жаңартты. Биыл құттықтаудың өзі де балалар, олардың ата-аналары және мұғалімдер үшін ерекше қуанышты болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында 27 жеңімпазға 4,7 млн теңгеге дейінгі сертификаттар табыстадық. Сондай-ақ оқушылар ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық ЖОО-да оқуға гранттар алды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады», - деп жазды министр желіде.

Министрдің айтуынша, биыл тізімге 7 халықаралық олимпиада кірсе, келесі жылы ол тағы 7 беделді халықаралық олимпиадамен толығады.

Сондай-ақ жүлделі орын алған оқушыларды дайындаған ұстаздар да біржолғы ақшалай төлем ал, балалардың ата-аналарына да алғыс хаттар табысталды.




Фото: www.facebook.com/askhat.aimagambetov