Халықаралық рейтинг агенттігінің Қазақстанның рейтингін көтеруі әділетті болды - ҚР Ұлттық банк төрағасы
![None None](/static/img/plug.webp)
"Толықтай шет елде инвестицияланған Ұлттық қор Үкіметтің сыртқы қарызынан 10 есе жоғары. Сондықтан қарызды қайтаруға қатысты ешқандай сөз болмауы керек. Ал банк секторының активі 23,2 миллиард доллар. Банктердің сыртқы міндеттемесі 16,3 миллиард долларды құрайды", - дейді Г. Марченко.
Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның рейтингін көтерді. Атап айтқанда шетел валютасына ұзақ мерзімді суверенді кредиттік рейтингін «ВВВ» деңгейінен «ВВВ+» деңгейіне дейін, шетел валютасына қысқа мерзімді рейтингісін «А-3» деңгейінен «А-2» деңгейіне дейін көтерді, ал қысқа мерзімді рейтинг «ВВВ» деңгейінде қуатталды. Сондай-ақ барлық рейтингтер бойынша болжамдар «Тұрақты» деңгейінде сақталды. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, енді халықаралық рейтинг агенттіктері ұлттық компаниялардың да рейтингісін көтеруі тиіс. Жалпы Қазақстанның халықаралық рейтингі бұдан да жоғары болу тиіс. Оған да қол жететін күн алыс емес.