Халықаралық сайлау стандарттары және ТМД елдерінің ұлттық сайлау жүйелері талқыланады - Санкт-Петербор

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - 18-19 қаңтарда Санкт-Петербордағы Таврия сарайында - ТМД Парламенттік Ассамблеясының штаб-пәтерінде халықаралық конференция болады.
None
None

ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің төрағасы Сергей Мироновтың қатысуымен өтетін ғылыми-тәжірибелік конференция «Халықаралық сайлау стандарттары және ТМД елдерінің ұлттық сайлау жүйелері» тақырыбына арналады, деп хабарлады Ассамблеяның баспасөз қызметінен.

Конференция жұмысына сондай-ақ РФ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Чуров, ТМД Атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Гаркун, Украина Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Шаповал, Қырғыз Республикасының Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Ақылбек Сариев, ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Янеш Ленарчич, ТМД Парламентаралық ассамблеясына қатысушы мемлекеттердің парламентшілері, ғалымдар, сарапшылар қатысады.

Соңғы жаңалықтар