Халықаралық турнирде Қазақстан хоккейшілері Ресейге есе жіберді

Кездесу барысында құрамалар тартысты ойын өткізді. Бірінші кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Екінші кезеңде 28-минутта Николай Поляков есеп ашып кетті. Дегенмен одан таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Үшінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер таразы басын теңестіруге ұмтылды. Алайда 48-минутта Николай Поляков тағы бір мәрте қақпаны дәл көздеп, Ресей құрамасының басымдығын арттырды.
Ал 55-минутта Марат Хайруллин қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 0:3 есебімен жол берді.
Енді аталған турнир аясында қазақстандық хоккейшілер 7 мамырда Беларусьпен шеберлік байқасады.
Ал 6 мамырда Ресей мен Беларусь кездеседі.
Ал, 13 мамырда ел құрамасы Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қаласында өтетін әлем чемпионатында В тобындағы ойынын бастайды. Қарсыластары – Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия және Словения.