Халықаралық ұйымдардың ұлттық егемендікке нұқсан келтіретін шешімдерінің Қазақстан үшін міндетті күші жоқ - И.Рогов

«Біздің егемендігіміз қорғалады және егер Кеден одағында немесе Еуразиялық экономикалық одақта Қазақстанның егемендігіне нұқсан келтіретін шешім қабылданатын болса, онда бұл шешімдердің Қазақстан үшін міндетті күші болмайды», - деді ол.
И.Роговтың атап өтуінше, Кеден одағында да, Еуразиялық экономикалық одақта да барлық шешімдер мемлекет басшылары деңгейінде консенсус негізінде қабылданады. Яғни, мемлекет басшыларының вето қоюына құқықтары бар. Ал бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің егемендігіне кепілдік береді.
«ҚР Конституциясына сәйкес халықаралық келісімшарт ратификацияанған жағдайда ғана ұлттық заңнамадан басым болады», - деген ол Еуропа елдерінің басым бөлігінде және Америкада барлық халықаралық келісімшарт осындай басымдыққа ие екендігін баса айтты.