Халықаралық валюта қорының дағдарысқа қарсы күресуге арналған қаражаты таусылуы мүмкін

НЬЮ-ЙОРК. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат – Жарты жылдан кейін-ақ Халықаралық валюта қорының экономикалық дағдарысқа қарсы күресуге арналған қаражаты таусылуы мүмкін екендігін растады ұйымның таратушы-директоры Доминик Стросс-Кан,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап. Оның айтуынша, қорға болашақта зардап шеккен экономиканы құтқаруды жалғастыру үшін шұғыл қаржылық мақсаттар қажет етіледі. Ол әлемдік экономиканың толық көлемді тоқырауға көшетінін атап өтті. Бұл жағдай бай елдерде экономикалық құлдырау көлемінің салдарынан үрейді күшейте түспекші. Қор Исландияны, Латвияны және Пәкістанды қоса алғанда бірқатар елдерге көмек көрсетіп отыр. Бірақ ол таяу айлардың ішінде көптеген басқа да елдерге көмектің қажет етілетінін де хабарлады.
Соңғы жаңалықтар