Халықаралық велосипедшілер одағының басшысы мен Винокуров Қарағандыдағы Азия чемпионатында болады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Халықаралық велосипедшілер одағының президенті Брайан Куксон мен Олимпиада чемпионы Александр Винокуров таңертең, 31 мамырда Қарағандыға келеді, онда велоспорттан Азия чемпионаты өтуде. Бұл туралы Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Бағдарламаға сәйкес, 31 мамырда қонақтар Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған іс-шараларға қатысады. 1 маусымда Б.Куксон мен А.Винокуров чемпионаттың финалдық жарыстары көрермендері болып, 210 шақырымдық ерлер арасындағы сайыстарды тамашалайды. Бұдан кейін құрметті қонақтар жеңімпаздарды марапаттау салтанатына қатысады.

Еске сала кетейік, велоспорттан Азия чемпионаты 21 мамырда Астанада, республикалық «Сарыарқа» велотрегінде басталған болатын. Қарағандыда 27 мамыр-1 маусым күндері тасжолдағы жарыстар өтуде. Екінші кезеңге Азия құрлығындағы 29 елден 200-ден астам спортшы қатысуда.

Соңғы жаңалықтар