19:01, 27 Тамыз 2014 | GMT +5
Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай Куала-Лумпур қаласында көрме ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Малайзия астанасы Куала-Лумпур қаласындағы Ұлттық өнер галереясында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне және Қазақстанның халықаралық бастамасы - АТОМ Жобасына орай ұйымдастырылған көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Апталық экспозиция Малайзияның Сыртқы істер, Туризм және мәдениет министрліктерінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігі ұйымдастырды. Көрменің ашылу салтанатына Малайзияның Сыртқы істер және Қорғаныс ведомстволары, Ұлттық ядролық агенттігі, шетел дипломатиялық корпусы және Малайзияның қоғамдық топтары өкілдері, сонымен қатар Малайзияда білім алып жатқан Қазақстан студенттері қатысты.