10:28, 21 Ақпан 2009 | GMT +5
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызметтің жаңа 32 түрі пайда болады - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары қазіргі көрсетілетін 25 қызметке қоса, тағы жаңа 32 қызмет түрін көрсететін болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Атап айтқанда, бұрын ішкі істер, мәдениет және ақпарат, көлік және коммуникация министрліктері, прокуратура беріп келген құжаттар бұдан былай халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімделетін болады. Аймақта Халыққа қызмет көрсету орталықтары Павлодарда, облыстың қалалары мен аудандарында жақсы жұмыс істеп отыр. Былтыр Екібастұздың ауылдық жерлерінде - Солнечный және Шідерті кенттерінде орталық өкілдіктері ашылды. Ал биыл қаңтар айында Ақсу селолық аумағындағы Қалқаман кентінде тағы бір орталық ашылып отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтары өткен жылы 385 мың құжат берді.