Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық мәслихаттының заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық әдеп, экология және табиғатты қорғау сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Көкшетау қаласындағы су құбыры-канализация желілері кешенінің жағдайы, халықты сапалы сумен, тиімді су жүргізу және канализациямен қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Комиссия отырысында облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин қатысты. 

Комиссия төрағасы, депутат Әсен Жақсылықовтың айтуына қарағанда бұл бағытта жұмыс қалада 2020 жылға дейін әрекет ететін «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру аясында жүргізіліп отыр. Қалалық биліктің басты назары сумен қамтамасыз ету желілерінің құрылысына және жаңғыртуға бөлінген. Бір орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету  қалалық бойынша 81,3 пайызды құрайды. Ол үшін «Көкшетау Су Арнасы» МКК балансында тұрған 27 сорғы станциясы мен жалпы тазалау станциясы жұмыс істейді. Кәсіпорын Красный Яр ауылы мен Станционный кенті және облыс орталығындағы су құбырлары желілерін тұрақты қамтамасыз етеді. 

Комиссия мүшелерін ең алдымен ауыз судың сапалы қызықтырады, өйткені бұл жөнінде халық қалаулыларына тұрғындар жиі сұрақ қоятын көрінеді.

Комиссияның қолда бар дерегі бойынша, өткен жылдың қорытындысы сай өңір бактериологиялық, санитарлық-химиялық көрсеткіштер (негізінен қаттылығы мен лайлылығы) бойынша жалпы рейтингіде соңғы орындарда тұр. Су сапасын жақсарту бойынша жасалып жатқан жұмыстар жайлы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Тимур Хамзин, «Көкшетау Су Арнасы» МКК директоры Зейнұр Әлбеков баяндап берді. 

Көкшетау қаласында сумен қамтамасыз етудің көздері бәріне белгілі қалалық құдықтар, Шағалалы және Сергеевский су қоймалары  болып табылады. «Көкшетау Су Арнасы» зертханасы сапаға қажетті бақылау жүргізеді. Ауыз судың жағдайына әсер ететін негізгі себептердің қатарына мамандар су құбырлары желілерінің тозуы, уақытылы профилактикалық шаю жұмыстарының жүргізілмейтінін жатқызып отыр. Бірінші кезекті шаралардың арасында құдықтарды жөндеу, биологиялық тазалау құрылғыларына ағын суларды құю үшін Красный Яр ауылында КНС құрылысын салу тұр.

Бүгінгі күні қалада жауын шашын суы ағатын канализацияны ұйымдастыруды ескеріп, кварталдық және аулалық су құбыры желілеріне жоспарлы күрделі жөндеу көзделген. Су тазалау құрылысын салуды ТЭИ жұмыстарын аяқтаған соң және жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеген соң бастауды жоспарлап отыр. 

Отырыстың қорытындысын шығара келе, комиссия мүшелері тиісті қаулы қабылдады, қаулыда жаңа тазалау құрылыстарын аяқтау, ішкі квартал желілеріне жөндеу жүргізу, берілетін ауыз су сапасына өндірістік бақылау жүргізу мониторингісін қамтамасыз ету қажеттігі көрсетілді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram