Халықты тасқын және селден қорғау бойынша нақты тапсырма берілді - ҚР ТЖК

ТЖК төрағасы полковник Владимир Беккер 2016 жылғы екінші тоқсанда атқарылған жедел қызметтің нәтижелері және үшінші тоқсанға арналған міндеттер туралы баяндама жасады, деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі.
Жалпы ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында республика бойынша табиғи және техногендік сипаттағы 6 805 ТЖ мен оқиға тіркелді.Төтенше жағдайларды жою үшін ТЖК күштері авариялық-құтқару жұмыстарына 28 мыңнан астам рет шықты, 4 738 адам құтқарылды және 32 212 адам эвакуацияланды. 2 996 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 1 655 адам эвакуацияланып емдеу мекемелеріне жатқызылды.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар барысында ТЖ аймақтарынан 17 адам құтқарылды, 1 024 адам эвакуацияланды, 48,4 шақырым уақытша бөгет тұрғызылды, 203,7 мың қапқа құм салынып төселді, 2,4 млн. шаршы метр сорып шығарылды.
Суға шомылу маусымында саны 1 279 адамды құрайтын жедел-құтқару бөлімшелерінің жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшірілді. Суайдындарындағы ТЖ-ға жедел ден қою үшін 254 бірлік автомобиль және құтқару техникасы, 550 бірлік жүзу құралы, 1 650 бірлік сүңгуір жабдықтары мен жарақтары әзірленді.
Өртке қарсы қызмет гарнизондарында тәулік сайын 2 695 қызметкер жауынгерлік кезекшілікте тұрады. 567 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, ірі объектілер мен адамдар көп баратын объектілерде өрт-тактикалық жаттығулар өткізу үшін 7 398 шығу жасады.
ТЖК төрағасының бірінші орынбасары азаматтық қорғау полковнигі С. Битаев ТЖК бөлімшелеріндегі қызметтік-әскери тәртіп пен заңдылық жай-күйі туралы баяндама жасады.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер ТЖК ТЖ департаменттерінің, «Қазселденқорғау» АҚ мен Көкшетау техникалық институтының басшылары тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің, өңірлік департаменттердің басшыларына қызметті жетілдіру, оның ішінде халықты тасқын және сел көріністерінен қорғау бойынша жұмыстар кешенін жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.