Халықтық IPO үшін сенімді құқықтық негіз қалыптастыру Мәжілістің болашақ құрамының басты міндеті - Н.Назарбаев

ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Халықтық IPO үшін сенімді құқықтық негіз қалыптастыру Мәжілістің болашақ құрамының басты міндеті.
None
None

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс 14-съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Мемлекет басшысының пайымынша, қазіргі әлемде көптеген адамдар экономикаға лайықты қатысу әлемдік экономикалық өсімнен игілік алу мүмкіндігінен тысқары қалған. Бұл теңсіздікке, әлеуметтік шиелініске, қақтығыстарға себеп болады.

«Мен бұған дейін айтқанымдай, Қазақстан ел азаматтарына экономикалық өсімге кеңінен қатысу мүмкіндігін ашқан жаңа меншік құрылымын қалыптастыруға кірісті. Халықтық IPO жүйесі арқылы қазақстандықтар елдің стратегиялық активтерінің меншік иесі бола алады», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, келесі жылдан бастап халықтық IPO-ға «ҚазТрансОйл», «Кегог», «Эйр Астана» сынды компаниялар шығарылады. «Халықтық IPO бағдарламасы қарапайым жаңа бұқаралық жекешелендіру емес. Бұл лайықты өмір сүретін жаңа меншік иелерінің бұқаралық санатын қалыптастыру үдерісі. Халықтық IPO үшін сенімді құқықтық негіз қалыптастыру Мәжілістің болашақ құрамының басты міндеті, - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар