Халықтың нақты табысы 8,6 пайызға өсті - Үкімет басшысы

АСТАНА.  5 қазан. ҚазАқпарат -  Халықтың нақты табысы 8,6 пайызға өсті.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті.

«Қазақстандықтардың табысы артып отыр. Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында орташа жалақы 11,7 пайызға өсіп, 98 мың теңгеден асты. Халықтың нақты табысы 8,6 пайызға өсті», - деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, тамызда жұмыссыздық 5,2 пайызға дейін төмендеді. Оның пайымдауынша, еліміздің негізгі сауда әріптестеріндегі экономикалық құлдырау олардың тарапынан сұраныстың азаюына, сондай-ақ еліміздің өнеркәсіп өндірісінің қысқаруына әсер етуде. Бұл әсіресе көмір, темір кені, металлургиялық өнімдер өндірісінде анық байқалып отыр.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар