ХАМАС алғаш шабуыл жасаған алаңнан кем дегенде 260 мәйіт табылды
Мыңдаған жастар қатысқан Supernova электронды музыка фестивалі Газа секторының шекарасына жақын шөлде өтті және ол еврейлердің Суккот мерекесіне орай ұйымдастырылған. Онда сенбі күні ХАМАС содырларының алғашқы шабуылы жасалды. Еріктілер фестиваль алаңынан кем дегенде 260 мәйіт тапты, деп хабарлайды Kazinform бұл туралы ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап.
Екі күндік Supernova музыка фестивалі Израильдің оңтүстігіндегі шөл далада еврейлердің Суккот діни мерекесінен кейін 6-7 қазан күндері өтті.
Сенбі күні таңертең ХАМАС содырлары фестиваль өтіп жатқан алаңға басып кіріп, көпшілікке оқ жаудырды.
Қазір адамдар із-түзсіз жоғалған туыстары мен достарын әлеуметтік желіден іздеп жатыр.
Zaka құтқару ұйымының мәліметінше, фестиваль алаңынан 260-тан астам адамның мәйіті табылды, із-түзсіз жоғалғандар әлі нақты есептелген жоқ.
Шараға барлығы үш мыңға жуық адам қатысқан.
Үш сахна мен кемпинг алаңы бар фестиваль Негев шөліндегі Реймге жақын жерде орналасқан.
Ал таң атқанда ХАМАС содырлары пайда болған Газа секторы үш шақырымдық жерде.