ХАМАС бітімге келу туралы ұсынысты қабылдамады

ХАМАС
Фото: АҚШ Мемлекеттік хатшысы Э.Блинкеннің әлеуметтік желідегі парақшасынан

АСТАНА. KAZINFORM – ХАМАС тобының басшылығы атысты 6 аптаға тоқтату туралы ұсынысты қабылдаған жоқ. Олар Израиль әскерінің Газадан шығарылуын талап етіп отыр. Бұл туралы Еuronews жазды. 

Топтың ресми өкілдері баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Израильдің ХАМАС-тың тұрақты атысты тоқтату, әскердің Газа секторынан шығарылуын, «солтүстіктегі тұрғындардың үйлеріне қайтару және халықты негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз ету» талаптарын орындаудан бас тартқанын атады. Дегенмен, ХАМАС бітімшілермен келіссөздерді жалғастыратынын атап өтті.

Олар бітімге қасиетті Рамазан айы басталғанға дейін келетініне үміттенді, себебі бұл айда Иерусалимдегі қасиетті орындарға кіруге байланысты палестиналық-израильдік қақтығыстар жиілей түседі. 

Осы арада палестиналық әріптесі Махмуд Аббасты қабылдап отырған Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Израильді Иерусалимдегі қасиетті жерлерге мұсылмандардың кіруіне шектеу қою әрекеттері туралы ескертті. Түркия басшысы Таяу Шығыстағы жанжалды шешу үшін тәуелсіз Палестина мемлекетін құру қажет екенін тағы да атап өтті. Ол сондай-ақ аймақтағы топтар арасындағы ынтымақтастық «Израильдің езгісіне ең жақсы жауаптардың бірі» болатынын айтты.

«Израильдің радикалды саясаткерлерінің Ғибадатхана тауына мұсылмандардың кіруіне шектеу қою туралы талаптары — сандырақ. Мұндай қадамның салдары өте ауыр болатыны сөзсіз», - деді Түркия президенті. 

Соғыстың 5 айында анклавтың көп бөлігі үйіндіге айналған. Гуманитарлық көмекті жерүсті жеткізу соғыс қимылдары мен бұл мәселені ЦАХАЛ-мен үйлестіру мүмкін еместігіне байланысты өте қиынға соқты. 

БҰҰ мәліметінше, Газа секторының 2,3 млн халқының төрттен бірі аштыққа ұшыраған.

Анклавтың солтүстік бөлігінің тұрғындарына гуманитарлық көмектің тағы бір партиясы әуеден түсірілгені белгілі болды. Операцияға АҚШ, Иордания, Мысыр және Францияның ұшақтары қатысты. АҚШ ресми тұлғаларының хабарлауынша, олар әуеден 36 800 бірлік азық-түлік тастаған.

Соңғы жаңалықтар