ХАМАС Израиль соққысына қарамастан атысты тоқтату бойынша өз ұстанымынан айнымайды

АСТАНА. KAZINFORM – ХАМАС қозғалысы Израильдің Қатар астанасы Дохадағы келіссөздер тобына жасаған соққысына қарамастан, атысты тоқтату жөніндегі келіссөздерге қатысты ұстанымы мен талаптарын өзгертпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайы Синьхуа.

ХАМАС Газа бойынша жан-жақты келісімге дайын екенін жеткізді
Фото: Анадолы

Бұл туралы 11 қыркүйекте қозғалыстың жоғары лауазымды өкілі Фаузи Бархум арнайы мәлімдеме жасады.

- Бұл жауыздық біздің берік ұстанымымыз бен талаптарымызды өзгертпейді. Біз тағы да агрессияға төтеп беру, басқыншылар әскерін Газадан толық шығару, тұтқындармен шынайы алмасу, халқымызға гуманитарлық көмек көрсету және қиратылған инфрақұрылымды қалпына келтіру қажеттігін атап өтеміз, – деді Бархум.

- АҚШ әкімшілігі басқыншылардың әрекеті мен біздің халқымызға қарсы жасалып отырған қылмысқа қолдау көрсетіп, моральдық және саяси жауапкершілікті мойнына ала отырып, аталған қылмыстың толыққанды қатысушысы болып отыр, - делінген мәлімдемеде.

9 қыркүйекте Израиль әскери-әуе күштері Доха қаласындағы ХАМАС шенеуніктері пайдаланған ғимаратқа әуе соққысын жасады.

Израиль тарапы соққының мақсаты – қозғалыс жетекшілерін жою болғанын хабарлады.

ХАМАС мәліметі бойынша, шабуыл кезінде делегация АҚШ ұсынған атысты тоқтату туралы жаңа туралы жаңа ұсынысты талқылап жатқан. Қозғалыс мүшелері аман қалған, алайда алты адам қаза тапқан.

Осыған дейін Қатар астанасында жарылыс болғаны туралы жаздық.

Сондай-ақ елде ХАМАС өкілдері жүргені үшін Нетаньяху Қатарға қоқан-лоқы көрсетті.

 

Соңғы жаңалықтар