ХАМАС кепілге түскендерді айырбастаудан бас тартты

Израиль Газа секторында 6 апталық бітімге келісті, соңғы сөз ХАМАС-та – БАҚ
Фото: Anadolu

АСТАНА. KAZINFORM – Израильдің Газа секторында атысты тоқтату және кепілге алынғандарды айырбастау туралы ұсынысын ХАМАС қабылдамады.

The Times of Israel басылымының хабарлауынша, кепілге алу туралы ұсыныстың барлығы «желге ұшқан».

ХАМАС Қатар, Мысыр және Америка делдалдарының кепілге алынған 40 адамды босату ұсынысына қарсы. Олар 50 жастан асқан әйелдер мен ерлер санатына жататын 20 адамды ғана босатуға дайын екенін алға тартып отыр. 

Сондай-ақ, ХАМАС 20 адамды босатпастан бұрын Израильден 6 апталық бітімге келуді талап етті.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін ХАМАС тобының басшылығы атысты 6 аптаға тоқтату туралы ұсынысты қабылдаған жоқ. Олар Израиль әскерінің Газадан шығарылуын талап етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар