ХАМАС Палестина халқының мүддесін білдірмейді - Махмуд Аббас

Палестина ұлттық автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас ХАМАС Израильде тұтқынға алынған бейбіт тұрғындарды босатуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform бұл туралы DW жаңалықтарына сілтеме жасап.

аббас
Фото: Wikipedia

«Газа секторын бақылайтын радикалды исламшыл ХАМАС қозғалысының әрекеті мен саясаты Палестина халқының мүддесін білдірмейді» деді Палестина ұлттық автономиясының басшысы Махмуд Аббас Венесуэла басшысы Николас Мадуромен телефон арқылы әңгімесінде. 

Дүйсенбі, 16 қазанда Палестинаның WAFA ақпарат агенттігі саясаткерлердің әңгімесінен үзінді келтірді.

Аббас Палестинаның да, Израильдің де бейбіт тұрғындарын өлтіруге қарсы екенін білдірді, сондай-ақ «қос тараптағы бейбіт халықты, тұтқындар мен қамауға алынғандарды» босатуға шақырды, деп жазады WAFA.

«Палестина-Израиль қақтығысы саяси шешіммен, ешқандай зорлық-зомбылықсыз аяқталуы керек» деп үзінді келтіреді агенттік.

Соңғы жаңалықтар