ХАМАС тағы үш израильдік тұтқынды босатты
АСТАНА.KAZINFORM - Соғысты тоқтату келісімі аясында ХАМАС Қызыл Крест ұйымына кепілге алынған үш адамды тапсырды, деп хабарлайды ВВС.

Жақын күндері олар Израильге жеткізіліп, отбасылары мен медицина қызметкерлері күтіп алады.
Кепілге алынғандарды босатпас бұрын ХАМАС оларды сахнаға шығарды. Оқиға орнында болған журналистердің хабарлауынша, кепілге алынғандар әбден шаршаған. Олар қоңыр көйлек пен шалбар киген, қолдарында босату куәліктері бар.
Бір күн бұрын ХАМАС сенбі күні босатылатын израильдіктерді атады. Олардың ішінде 53 жастағы Эли Шараби, 56 жастағы Охад Бен-Ами және 34 жастағы Ор Леви бар. Ор Леви Израильдің оңтүстігіндегі Нова фестивалі кезінде қолға түсті. Оның әйелін ХАМАС содырлары өлтірген.
Эли Шараби Беэриде тұтқынға алынды. Оның әйелі мен екі қызы қаза тапты. Онымен бірге оның ағасы Йосси де тұтқынға алынды. Ол қайтыс болды, денесі ХАМАС-тың қолында.
Охад Бен-Ами де Бэериден. Оның әйелі Раз Бен-Ами де ұрланған және 2023 жылдың қарашасындағы бір аптаға созылған атысты тоқтату келісімі аясында босатылған.
Айта кетейік, бұл алмасу атысты тоқтату келісімі 19 қаңтарда күшіне енгеннен бергі бесінші алмасу болды. 1 ақпанда ХАМАС тағы үш израильдікті, ал Израиль айырбас ретінде 180-нен астам палестиналық тұтқынды босатқан.
Келісімшарттың бірінші кезеңі бойынша босатылатын 33 израильдік кепілгердің әзірге 13-і үйлеріне оралды, сонымен қатар ХАМАС содырлары Таиландтың бес азаматын босатты.
ХАМАС сенбіде босатылуы тиіс кепілдегі үш израильдіктің есімдерін атаған болатын.