Хаменеидің қазасынан кейін Иранды уақытша кім басқарады

АСТАНА. KAZINFORM — Мохаммад Мохбердің мәлімдеуінше, революция жетекшісі қаза болғаннан кейінгі өтпелі кезеңде ел басқару жауапкершілігін президент, сот билігінің басшысы және Қамқоршылар кеңесінің факихтерінің бірі өз мойнына алады. Бұл туралы IRNA жазды.

Хаменеидің қазасынан кейін Иранды уақытша кім басқарады
Фото: Анадолы

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елдің жоғарғы жетекшісі қаза болғаннан кейін Иранды уақытша президент Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы және Конституция сақшылары кеңесінің бір мүшесі басқарады. Бұл туралы бірінші вице-президент Мохаммад Мохберге сілтеме жасап хабарланады.

Иранның жоғарғы жетекшісі, аятолла Әли Хаменеи 28 ақпанда таңертең АҚШ пен Израильдің Тегеранға бірлескен әуе соққысы нәтижесінде қаза болды. Оның өлімі Иран тарапынан ресми түрде расталды.

Бұған дейін IRNA қаза болған Хаменени кеңесшісі — Иран Қорғаныс кеңесінің хатшысы Әли Шамхани мен Ислам революциясы сақшылары корпусының қолбасшысы Мохаммад Пакпурдың де ажал құшқанын ресми түрде растады. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум